50305
Ақтөбе облысында 12 адам уланып қалды (ВИДЕО)
Ақтөбе облысында 12 адам уланып қалды (ВИДЕО)
Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында 12 адамға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, Шалқар ауданы Кішіқұм ауылында көмір жағатын пештен улы газ ауаға тарап, он адам уланған. Алтауы - бір үйдің адамы, қалғаны - қыдырып келгендер. Бесеуі - бала. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал Ойыл ауданына қарасты Көптоғай ауылында газдан уланған әйел адам мен бір бала әлі ауруханада жатыр.
- Күннің суытуымен тұрмыстық өрт және улы газбен улану қаупі артады. Сондықтан, көмірмен жылытылатын пешті уақытында тазартып тұру керек. Аталған елді мекендер газ желісіне қосылмаған, жергілікті тұрғындар ағаш пен көмір жағады, - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары Нұрхат Қалдыбаев.