Жалған құжатпен асыл тұқымды мал әкелгендер анықталды

Жалған құжатпен асыл тұқымды мал әкелгендер анықталды

Жалған құжатпен асыл тұқымды мал әкелгендер анықталды
ашық дереккөзі
50222
Павлодар облысында Ресейден жалған құжаттармен асыл тұқымды мал әкелгендер анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Бұл туралы «Инвесторлар үйі» ғимаратында жергілікті билік өкілдері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Жиында Павлодар облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Темірлан Шонаев жалған құжатпен асыл тұқымды мал әкелген Мукин мен Канаеваға қатысты қылмыстық іс процесі аяқталғанын атап өтті.
- Мукин және басқа да тұлғалар Ресейден аналық ірі қаралар сатып алумен және Қазақстанға жеткізумен айналысқан. Оған қоса, Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдарының мөрі басылған құжаттарды алдын-ала дайындап қойған. Тексеру барысында 40-тан астам мөр, дайын құжаттар жиынтығы, техникалар, ветеринарлық сертификаттар және асыл тұқымды мал сатып алынды деген желеумен субсидия алуға мүмкіндік беретін басқа да құжаттар анықталды. Нәтижесінде, 111,7 миллион теңге шығын келтірілген, - деді Темірлан Шонаев
Рavlodarnews.kz сайты сот шешімі бойынша күдіктілер кінәлі деп танылып, оларға түрлі жазалар тағайындалғанын жазған. Ал Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов аталған істе 22 кәсіпкердің зардап шеккенін айтты.
- Болашақта кәсіпкерлер осындай жағдайға қалмас үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сенімді жеткізуші іздестіреміз, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Темірлан Шонаев биыл ауыл шаруашылығында субсидияға бөлінген қаржының ұрлануына қатысты 7 факті тіркелгенін атап өтті. 1 қылмыстық іс гербицидтер сатып алуға, енді бірі картоп тұқымын сатып алуды субсидиялауға, 2 іс ірі қара сатып алуға, 3 іс күн панельдерін сатып алуды субсидиялауға қатысты.
- Көбі жалған мәліметтер беру жолымен жүзеге асады. Күн панельдерін сатып алуды субсидиялауға бөлінген қаржыны ұрлауға мысал келтірсем, Павлодар облысының тумалары С. мен Н. және басқа да тұлғалар 2019-2020 жылдары күн панельдерін сатып алып, оларды қымбат бағамен 150-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпкеріне сатқан. Сондай-ақ іс жүзінде көп шаруа қожалығы панельдерді белгіленген мақсатта пайдаланбайтыны анықталды. Негізсіз субсидия беру арқылы 257 миллион теңге шамасында мемлекетке шығын келтірілді. Бұл - соңғы сома. Сотқа дейінгі тергеулер әлі де жүріп жатыр, - деді Темірлан Шонаев.
 

Серіктес жаңалықтары