Антиваксер «Үлкен дулығаға» қатысудан бас тартты

Антиваксер «Үлкен дулығаға» қатысудан бас тартты

Антиваксер «Үлкен дулығаға» қатысудан бас тартты
ашық дереккөзі
50307
17-30 қаңтар аралығында теннистен «Үлкен дулыға» санатына жататын ірі жарыстардың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің жалауы желбірейді, деп жазды turkystan.kz. Мұндай дүбірлі додада бой көрсету әр спортшы үшін үлкен абырой әрі зор мәртебе екені белгілі. Бір жағынан, әлемдік рейтингте жоғарылауға тамаша мүмкіндік туындайды, екінші жағынан, материалдық жағдай да күрт жақсарады. Алайда, бірқатар әйгілі теннисшілер Мельбурнге барудан бас тартып отыр. Әрқайсысының «Australian Open»-ға қатыспауының өз уәждері бар. Мәселен, ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы, әйгілі теннисші Новак Джокович - коронавирусқа қарсы вакцина алуды қаламайтын спортшылардың бірі. Бүгінге дейін оның қандай да бір вакцина салдырғаны туралы ақпарат жоқ. Бұл жолы да жарыс алдындағы медициналық тексерістің қорытындысы бойынша екпе салдырмаған спортшыға жарысқа қатыспауға ұсыныс айтылған. Басқа да біраз теннисші дәл сондай ұстанымда. Ал ұйымдастырушылар вакцинасыз жарысқа қатысуға тыйым салып отыр. Сарапшылар мен мамандар жасыл құрлыққа әлемдік теннистің жарқын жұлдыздарының келмеуі жарыстың деңгейін күрт төмендетеді деп есептейді. Сол себепті де олар Джокович бастаған саңлақтарға Аустралияның ашық біріншілігіне вакцинасыз-ақ қатысуына рұқсат беруі жайында өтініш білдіруде. Бұған дейін Джоковичтің 1-9 қаңтар аралығында өтетін «ATP Cup» турниріне қатыспайтыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары