332
Алтайда атқарылған іс көп
Алтайда атқарылған іс көп
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Қазақстандағы жүз мыңдаған елді мекен секілді қарқынды дамып, көркейіп келеді. Десе де, осы 30 жыл ішінде аудан экономикасы бірде бәсеңсіп, бірде шарықтап отырғанымен, ұзақмерзімді тұрақты өсім байқалғанын айта кеткен жөн. Онда бірқатар құрылымдық өзгеріс, соның ішінде экономикалық және саяси бетбұрыс болды. Мұндағы мақсат – ауданның экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілетті ету.
2000 жылдан бастап аудан экономикасы тұрақты өсу жолына түсті. Бұған өндіріс, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестің өркендеуіне кең өріс ашқан даму институттары (мемлекеттік даму бағдарламалары) сеп болды. Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсібі өрге басқан аудандардың бірі саналатын Алтай ауданында бүгінде 72 кәсіпорын, соның ішінде 67 шағын, 3 орта және 2 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өнеркәсіп өндірісін арттырып, аудан тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған ірі бірлестіктер ретінде Алтай кен байыту кешені, «Казцинк» ЖШС және «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС-ын айтуға болады. Аудан экономикасының басым бағы-ты – аграрлық сектор. Өндірілген ауылшаруашылық өнімінің 75 пайызы егін шаруашылығына, ал 25 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Аудан аумағында бидай, арпа, сұлы, қарақұмық және күнбағыс, рапс секілді майлы дақылдар молынан өседі. Аграрлық қызметкерлердің күш салуымен ауданда жыл сайын ылғал үнемдеу технологиялары арқылы өңделетін егістік жердің ауқымы ұлғайып келеді. Бүгінде аудандағы егістік жердің 55 мың гектары немесе 77 пайызы өңделген. Орта есеппен аудан бойынша енгізілген минералды тыңайтқыш көлемі бір гектар жерге 75 келіден немесе 5 мың тоннадан асады. Онда жоғары репродукциялы тұқымдар ғана қолданылады. Жыл сайын аудандағы ауылшаруашылық құрылымы машина-трактор паркін 7-9 пайызға жаңартып отырады. Жоғарыда аталғанның барлығы Алтай ауданында жұмыс істейтін аграрлық қызметкерлерге тұрақты түрде мол өнім жинап алуға мүмкіндік береді. Бүгінде аграрлық секторда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қазір аграрлық қызметкерлер технологиялық жабдықтар мен өз бөлімшелеріндегі құрал-саймандарды жаңартып отыратынын айта кеткен жөн. Мысалы, «Шығыс жер» ЖШС 2021 жылы «Дән тазалау кешенін салу» секілді маңызы жоғары жобаны іске асыруды жалғастырып жатыр. Бұл жобаның жалпы құны – 120 миллион теңге. Ол кешен іске қосылса, ауданда жоғары сапалы дәнді дақылдар өсіруге, сонымен қатар тұрғындарды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бергелі отыр. Ал «Янтарь Май» ЖШС-ның жұмысы бүгінде тың тыныс алып, майлы күнбағыс дәндерін өңдеу бойынша цехтарын кеңейтті. Айта кетерлігі, біздің аудандағы егістік жерлерде өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары. Мысалы, біз жақта өсетін рапс пен күнбағыстың тұқымы, дәндері Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Иран, Моңғолия мен алыс және жақын шетелдерге экспортталады. Аудан үшін тағы бір үлкен маңызы бар сала – мал шаруашылығы. Бұл шаруашылықпен айналысатындар ауыл тұрғындарын жыл бойына жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде ауданда жыл сайын мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі айтарлықтай өсіп, соның ішінде ішкі тұтыну үшін ет пен сүт өндірісі өркендеп, жеке өнімді қайта өңдеу ісі қарқын алды. Елді мекендерде 5 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Бұл істі әрмен қарай дамыту үшін 2021 жылы Полянское ауылында 1 000 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салу бойынша ірі жобаны жүзеге асыру жұмысы басталды. Қазір онда қораларды қайта қалпына келтіру және ферма қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз ету үшін бұрынғы балабақшаның ғимаратын реконструкциялау жұмысы қызу жүріп жатыр. Аталған тауарлы-сүт фермасын іске қосу жылына 65 004 тоннаға дейін сүт өндіріп, құрт, сүзбе, айран секілді сүт өнімдерін жасауға септігін тигізеді. Алтай ауданында омарта шаруашылығы да күн санап дамып келеді. Бұған ауданымыздың табиғи-климаттық жағдайы жақсы әсер етіп отыр. Жүрізілген зерттеулерге сенсек, ауданда ара балұяларының өсімі байқалады. 2011 жылдан бастап олардың саны екі есеге, ал бал өндіру көлемі жылына 340 тоннаға дейін өскен. Экономиканың маңызды саласы саналатын құрылыс саласы әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандарды салу жұмыстары басталған 2011 жылдан бастап қана ілгеріледі. Мектепке дейінгі тәрбие беру ісі аудан тұрғындарын алаңдатқан үлкен мәселе болды. 2011-2015 жылдар аралығында бұл мәселе шешімін тапты. Алтай қаласында үш балабақша салынды, онымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлім ашылды. Серебрянск қаласында тағы бір балабақша пайдалануға берілді, 2015 жылы Чапаево ауылында жаңа мектеп есігін ашты. 2016 жылы Алтай қаласында 100 орындық, жасанды мұзайдыны бар жабық хоккей алаңы қолданысқа берілді. Аталған алаңның аумағы – 1 109,62 шаршы метр, ал жобаның жалпы құны – 530 000 теңге. Ал ауданда тұрғын үйлер салу ісі 2012 жылы қолға алына бастады. Дәл сол жылы Максим Горький көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Кейін 2013 жылы Космонавтов көшесінде орналасқан 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жаңа пәтерлердің кілтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрған тұрғындар алды. Тәуелсіздік жылдарында Алтай ауданында денсаулық сақтау саласы сапалы деңгейге көтерілді. 2018 жылы онда жабдықталу жағынан ірі қалалардағы жетекші клиникалардан кем түспейтін инсульт орталығы ашылды. 2019 жылы облыс бюджеті есебінен перзентханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған мекеме жалпы құны 357 миллион болатын заманауи құрал-жабдықпен жабдықталды. Мұндай орталықтың шала туған, салмағы жеткіліксіз балаларды күтіп ұстауға тигізер пайдасы зор. Білім беру саласына келсек, бұл салада ауданда 30 жыл ішінде елеулі өзгеріс болды. Ауданда 1 757 тәрбиеленуші баратын мектепке дейінгі 10 мекеме жұмыс істейді. Жалпы, біздің өлкеде 40 мемлекеттік мектеп бар. Онда 7 525 оқушы білім алады. Ол мектептердің түгелі дерлік кеңжолақты интернетке қосылған, сонымен қатар «Күнделік» электронды күнделігіне енгізілген. Ал туризм саласын сөз етер етер болсақ, аудан аумағында осы бағытта жұмыс істеп тұрған 102 нысан бар. Туризм нысандарының басым бөлігі жағажай демалысымен танымал Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан. Ауданда мәдениет саласын ілгерілету үшін де барлық жағдай жасалған. Өлкеде 13 клуб, 27 кітапхана және Достық үйі жұмыс істеп тұр. Ал өңірдегі спорт инфрақұрылымын сөз етсек, ауданда 177 спорт мекемесі, соның ішінде жалпы білім беру мекмелеріндегі спортзалдар, сонымен қатар Алтай, Серебрянск қалалары мен Жаңа Бұқтырмада жалпы саны 1 300 орындық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Жыл сайын аудандағы барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, әуесқой спортшылар және жалпы білім беретін мектептерде оқитын спортқа жақын балалар жеңіс тұғырына көтеріліп, аудан мәртебесін көтеріп жүр. Осы орайда Алтай қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі саналатын зілтемірші Денис Улановтың ерен еңбегін айта кеткен жөн. Ол – Дүниежүзілік универсиаданың жеңімпазы, Азияның үш дүркін чемпионы, Ресей Федерациясы Президенті кубогының күміс жүлдегері, Қазақстан рекордсмені. Ол әлемге Қазақстанды әйгілеп қана қоймай, сондай-ақ туып-өскен жері Алтайды да танытты. 2016 жылы өткен төртжылдықтың басты додасы – Рио-Де-Жанейро Олимпиадасында қанжығасына қола жүлде байлады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде армрестлингтен бапкер қызметін атқаратын Медет Рақымовтың еңбегін атап кетпесе болмас. Медет аталған спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрамасы сапына қабылданған 20 спортшыны жаттықтырған. Әсіресе, шәкірті, Азияның екі дүркін чемпионы, Паралимпиадаға қатысушы Сергей Андроновты баптауда оның еңбегі орасан. Еркін күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері, спорт шебері Азамат Темірғалиев Алматыдағы спорт академиясын бітірген соң, Алтай қаласындағы спорт мектебінің даңқы шыққан ұжымын толықтырып, үздік нәтижелерімен көзге түсті. Көптеген халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы, бірнеше халықаралық оқу-жаттығу жиындарының қатысушысы болған Азамат қазір мектеп тәрбиеленушілеріне бар білгенін үйретіп, аудандағы спорттың дамуына үлкен үлес қосып отыр. Алтай қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде білім алып жатқан ең жас спортшы, бокстан спорт шеберіне үміткер 15 жастағы Асқар Әлішер де ауданның мақтанышы саналады. Әлішер – Шығыс Қазақстан облысының төрт дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық турнирдің жеңімпазы. Жас болғанына қарамастан көптің назарын өзіне әлдеқашан аудартып, ауданның атын шығарып жүр.Қалиқан Байғонысов, Алтай ауданының әкімі Шығыс Қазақстан облысы