Ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлаған

Ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлаған

Ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлаған
ашық дереккөзі
50227
Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түсті, деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
- Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында қолдың папиллярлы сызықтарын, адамның саусақтарының іздерін анықтады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп,  картотека бойынша сәйкестік табылды.  Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары