Пиротехникалық заттарды астыртын саудалаған (ВИДЕО)

Пиротехникалық заттарды астыртын саудалаған (ВИДЕО)

Пиротехникалық заттарды астыртын саудалаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50344
Қостанайда «Пиротехника-2021» жедел алдын алу операциясы басталды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Желтоқсан айының ортасынан бастап рейдтік топ ашық-жабық базарларды аралап, жарылғыш бұйымдардың сапасы мен мерзімін тексеруде.
- Қостанай облысы бойынша 251 рейдтік шара өткізілді. Соның барысында пиротехникалық бұйымдарды сатуға байланысты 16 заңбұзушылық тіркелді. Оларға әкімшілік  хаттама толтырылып, айыппұл салынды, - деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің инспекторы Әділ Жүсіпбек.
Айыппұл көлемі 25 айлық есептік көрсеткіш. Сатушылардың басым бөлігі сертификаты жоқ заттар мен қолдану мерзімі өткен өнімдерді саудаға шығарған.
- Азаматтық қорғау органдарының  негізгі мақсаты, бұл – алдын алу жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шаралар әлі де жалғасуда. 2020 жылдың желтоқсан- қаңтар айларында пиротхеникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі оқиғалар орын алған жоқ. Қостанай облысы бойынша. Өрт фактілері тіркелген жоқ, - деді Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әлжан Қадыржанов.
Қостанай базарында  қытай мен қырғыз өнімдері байқалмады. Саудагерлер отандық отшашулардың сан түрін сатып тұр екен. Сапасы тәуір, бағасы былтырға  қарағанда қымбаттаған.
- Қазақстан өнімдерін сатып жатырмыз. Салюттер. Сапасы жақсы. Сертификат, құжаттары бар. Тексеріліп жатыр. Биыл баға кішкене қымбаттады. 7 пайызға, - деді сатушы Рустам Асанов.
Рейд қаңтардың ортасына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары