«Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста» – Айдос Үкібай

«Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста» – Айдос Үкібай

«Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста» – Айдос Үкібай
ашық дереккөзі
50283
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», - дейді Айдос Үкібай.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.
«Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңына жұмылуға шақырады», - дейді Айдос Үкібай.

Серіктес жаңалықтары