Қазақстан 200 трансұлттық компаниямен байланыс орнатады

Қазақстан 200 трансұлттық компаниямен байланыс орнатады

Қазақстан 200 трансұлттық компаниямен байланыс орнатады
ашық дереккөзі
309
Қазақстан 200 трансұлттық компаниямен байланыс орнатпақ. Мұндай ұсынысты бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады. Министр өзі сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 55 және 56 қадамы, оның ішінде 2015 жылдан бері трансұлттық компаниялар мен «зәкірлік инвесторларды» тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Ұлт жоспары жүзеге асырылғанға дейін Қазақстанға экономиканың 17 саласында 52-ге жуық трансұлттық компания тартылды. Ендігі ретте біздің жоспарымызда Индустрияландыру бағдарламасы бойынша жаңа трансұлттық компанияларды тарту міндеті тұр», — деді ол. Оның дерегіне сәйкес, 2016 жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында Тенарис трансұлттық компаниясының қатысуымен жалпы көлемі 13 млрд. теңгені құрайтын, 90 жаңа жұмыс орнымен құбыр өндіретін жоба іске қосылды. Сондай-ақ, осы жылдың қазанынан бастап Gezhouba (ҚХР) компаниясының қатысуымен Қызылорда облысында жалпы көлемі 65,9 млрд. теңгені құрайтын цемент өнімін шығаратын өндіріс орнының құрылыс жұмысы басталды. «2017-2018 жылдары әлем бойынша 200 ТҰК-мен байланыс орнату жөнінде жұмысты қолға алу көзделіп отыр. Оның 25-імен жұмыс жүргізілуде. «Зәкірлік инвесторлардың» қатысуымен 5 бірдей жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біз елімізде бұрыннан жұмыс істейтін, қайта инвестиция құйып жатқан инвесторлардың да жұмысын үнемі назарымызда ұстаймыз. Олардың атқарып жатқан қызметіне үнемі мониторинг жүргізіп, бақылап отырамыз. Олармен 200-ден аса кездесулер өткізіп, мәселелер анықталды. Барлық проблемалар Инвестициялық омбудсмен қызметі арқылы қаралып келеді»,- деді Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары