ҰҚК: қылмыскерлер «Көктөбе» мұнарасын басып алмақ болды

ҰҚК: қылмыскерлер «Көктөбе» мұнарасын басып алмақ болды

ҰҚК: қылмыскерлер «Көктөбе» мұнарасын басып алмақ болды
ашық дереккөзі
50357
Қылмыскерлер «Көктөбе» теле-радиохабар тарату мұнарасын басып алуға тырысты, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК-ге сілтеме жасап.
«Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді. Сонымен қатар, шекарашылар «Медеу» селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде Департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шет ел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды. фото Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.    

Серіктес жаңалықтары