Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатынан тыс қалды

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатынан тыс қалды

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатынан тыс қалды
ашық дереккөзі
50253
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 20-30 қаңтар аралығында бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін Азия чемпионатына қатыспайды, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов хабарлады
«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені, тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ. Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен, келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақтылы орындалады деп сенеміз», – дейді Қайрат Сәтжанов.

Серіктес жаңалықтары