196
3 спортшы Олимпиада медалін қайтарады
3 спортшы Олимпиада медалін қайтарады
Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық үш спортшыны допинг үшін Бейжің Олимпиадасының медальдарынан айырды,- деп хабарлайды egemen.kz Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Медальдардан қазақстандық екі ауыратлет пен еркін күрестен бір палуан қағылып отыр. Олар күміс жүлдегер Ирина Некрасова, қола жүлдегер Мария Грабовецкая және қола жүлдегер Әсет Мәмбетов. Спортшылардың нәтижелері жойылды. Таяу арада олар марапаттарды қайтаруы тиіс. Ал олардың спорттан қашан шеттетілетіні туралы шешім кейін қабылданады. Қазіргі уақытта спортшылар жарыстардан шеттетілді.
ХОК тәртіптік комиссиясы ауыратлеттер Владимир Седовты, Майя Манезаны және Алмас Өтешовті дисквалификациялаған. Алайда қанша уақытқа шеттеткені әзірше айтылмай отыр.
Ал осыған дейін ХОК қазақстандық үш ауыратлетті 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медальдарынан айырған болатын. Олар Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова. Әзірше Илья Ильиннің мәселесі шешілген жоқ. Қазақстандық ауыратлет 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда алтын медаль алған болатын. Бірақ екі Олимпиада ойындарындағы тапсырған сынамасынан допинг табылған еді