Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды

Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды

Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі
51257
Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін 9 ер адам ұсталды, олардың үшеуі – Алматы қаласының тұрғындары, деп жазды turkystan.kz. Тінту кезінде ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі және еліктің бір ұшасы тәркіленді. Полиция заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Сараптама тағайындалды. Айта кету керек, Павлодар облысында сілеусін аулауға, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызға дейін елік аулауға тыйым салынған. 2021 жылы табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 481 фактісін анықтады.

Серіктес жаңалықтары