50224
Бас көтеремін деп, құлағынан айырыла жаздады
Бас көтеремін деп, құлағынан айырыла жаздады
Оқиға Өзбекстандағы Ташкент облысының Аханғаран ауданында болған, деп хабарлады turkystan.kz.
«15 қаңтар сағат 20:00 шамасында Эйвалек махалласында бұрын сотталған 31 жастағы әйел қоғамдағы мінез-құлық ережелерін қасақана бұзып, көпқабатты үйдің жанында 34 жастағы жергілікті тұрғынмен жанжалдасқан», - деді Өзбекстан ІІМ Тергеу департаменті баспасөз қызметіндегілер.Жанжалға басқа әйелдер де араласып кеткен.
«31 жастағы әйел белсенді түрде қарсылық көрсетіп, 34 жастағы әйелдің құлағын тістеп алған», деп жазылған ресми хабарламада.Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша зардап шегуші жеңіл дене жарақатын алған. Жоғарыда аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 277-бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғады.