Қазақстандық әнші Нью-Йоркте гран-при алды

Қазақстандық әнші Нью-Йоркте гран-при алды

Қазақстандық әнші Нью-Йоркте гран-при алды
ашық дереккөзі
238
Жас әнші Мерей Зейнеш Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанып, өзінің жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Нью-Йорке өткен музыкалық байқауды алғаш рет қазақстандық әнші жеңіп отыр. Байқауға Австралияның, Канаданың, Францияның және Жапонияның дарынды әншілері қатысқан. «Хрусталь микрофонының» иегері болған Мерей алдағы уақытта басқа да халықаралық байқауларға қатыспақ. «Фестиваль еліміздің айтулы күнінің қарсаңында болғандықтан, мен жеңісімді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнадым. Концерт залында біздің байрағымыз желбіреп тұрды. Көрермендер еліміз туралы көбірек біліп, енді Қазақстанды одан ары құрметтей түседі», — деді Мерей Зейнеш. Мерей музыкалық мансабын 12 жасында Өскеменнің музыкалық мектебінің жанынан құрылған эстрадалық ұжымда бастады. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында оқыды. Академиялық грантты ұтып алған өскемендік өрен оқуын АҚШ-та жалғастырады. Жас талант тырнақалды туындысын небәрі 17 жасында өмірге әкелді. 2011 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Дүниежүзілік поп-фестивальдің жеңімпазы атанды. Енді міне, 25 жастағы жас әнші Астанадан АҚШ-қа арнайы келіп, Нью-Йорк қаласын өнерімен бағындырды.

Серіктес жаңалықтары