Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды

Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды

Қызылордада донердің ішінен марихуана табылды
ашық дереккөзі
50517
Есірткі ҚАЖД-ға қарасты ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеушіге келген сәлемдеме ішінен шыққан, деп жазды turkystan.kz. Cотталушыға келген заттарды тексеру барысында 3 донердің арасынан есірткі табылды. Арнайы сот сараптамасы табылған заттың кептірілген марихуана екенін дәлелдеді.
«Табылған 31,18 граммдық заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды», – деді мекеме бастығының орынбасары Дархан Берікбай.
Сөйтіп, түрмеге есірткіні әкелген азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер тергеу барысында сотталушының бұл іске қатысы бар екені анықталса, ол да жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары