Әдебиеттер байланысы – рухани байланыс

Әдебиеттер байланысы – рухани байланыс

Әдебиеттер байланысы – рухани байланыс
ашық дереккөзі
1476

Әдебиеттер арасында байланыс болмай тұрмайды, өйткені бір елдің екінші бір ел әдебиетіне тигізген игі әсері, сондай-ақ туысқан халықтар әдебиеттері арасындағы үндестік пен ықпалдастық деген де өз алдына бір әлем.

Кейінгі кездері осындай мәселеде арнайы кітаптар шығып, түркітілдес халықтардың әде­би туыстығы жайлы ізденістер кеңеюде. Соның бір мысалы ретінде өткен жылдың соңында Таш­кент қаласындағы Innovatsiya-Ziyo баспасынан жа­рық көрген, филология ғылымдарының кан­дидаты, доцент Қайыржан Аралбаев пен филология ғы­лымдары бойынша философия докторы (PhD) Ширин Смамутованың «Қазақ-қарақалпақ әдеби байланыстары» атты монографиялық еңбегін атап көрсетуге болады. Жоғару оқу орындары студенттеріне ар­нал­ған оқулық әрі хрестоматиялық еңбекте қазақ-қарақалпақ әдеби байланыстары бірнеше бөлімге бөліп қарастырылып, екі ел әдебиетінің тамырластығы әр қырынан қарастырылған. Оқу құралының «Қазақ-қарақалпақ халық ауыз әдебиетіндегі байланыстар, эпостар­дағы ортақ сюжеттер» атты алғашқы бөлімінде бір­неше түркі халықтарына ортақ «Алпамыс» дас­танындағы сюжеттердің ортақтығы мен мен айыр­машылықтары, қазақ-қарақалпақ эпостық және лиро-эпостық дастандарын орындаушылардың ерек­шеліктері, қарақалпақтың халық дастаны «Қырық қыз» бен «Гүлдірсін» аңызы, сондай-ақ екі халықтың тұрмыс-салт жырларының үндестігі жайын­да айтылып, халық жырларының үлгілерінен үзінділер берілген. Кітаптың келесі бөлімі «Қазақ-қарақалпақ әде­биеттерінің Ноғайлы дәуіріндегі ортақ бай­ланыстары» деп аталып, онда екі халыққа ортақ Сыпыра жырау, Асан Қайғы Сәбитұлы, Дос­памбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Мүйтен, Бұқар, Жиен жырау секілді арғы дәуір ақындарының шы­ғармашылығы туралы зерттеулер мен әдеби шы­ғармалар беріл- ген. «XIX ғасыр әдебиетіндегі әдеби байланыстар си­паты» үшінші бөлімде қазақ-қарақалпақ әдеби тұл­ғалары – Шернияз Жарылғасұлы мен Күнқожа Ыбырайымұлы туралы, Шоқан Уәлихановтың қара­қалпақ әдебиеті туралы жазғандары, Әжнияз бен Қыз Меңештің айтысы, екі елдің классиктері – Абай мен Бердақ шығармашылығындағы тақырып үндестігі, сыр бойынан шыққан атақты шайыр Тұр­мағамбет Ізтілеуов еңбектерінің қарақалпақ әдебиетімен байланысы туралы кең түрде талдау жасалған. «XX ғасыр кеңестік дәуірдегі қазақ және қара­қалпақ әдебиетіндегі байланыстар» атты төртінші бөлімде Бейімбет Майлин мен Мырзағали Дәрібаев, Сәбит Мұқанов пен Жолмырза Аймырзаев еңбек­теріндегі үндестік пен тақырып ортақтығы т.б. мә­селелер төңірегінде деректер келтіріліп, мол мағлұматтар берілген. «XX ғасырдың екінші жартысындағы қарақал­пақ және қазақ поэзиясы, ондағы әдеби байланыс­тар көріністері» деп аталатын бесінші бөлімде Асқар Тоқмағамбетов, Тілеуберген Жұмамұратов шы­­­­­­ғар­­машылығындағы үндестіктер мен қарақал­пақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы классик ақыны ­Ибрайым Юсупов поэзиясындағы Қазақстан та­қы­ры­­бының жырлануы жөнінде зерттеу жүр­гізілген. «Қазақ-қарақалпақ әдебиетінің насихатталуы» бөлімі белгілі қазақ ақыны, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Байбота Қошым-Но­ғайдың қарақалпақ әдеби шығармаларын қазақ­шаға аударуда еткен еңбегі жөнінде мәліметтер берілсе, «Байланыстар жайлы әдеби-ғылыми мақа­лалар шоғыры» бөлімде берілген материалдарда Әжнияз, Бердақ, Сәбит Мұқанов, Төлеген Айбер­генов т.б. қаламгерлердің екі ел әдебиетіне деген ықпал-әсері жайлы айтылған. Кітаптың соңғы бөлімі «Қарақалпақстанда ту­ған қазақ қаламгерлері шығармашылы­ғы­нан» деп аталып, онда Төлеген Айбергенов, Есен­ғали Раушанов, Рахмет Аяпбергенов, Сабыр Адай, Ахмет Өмірзақ, Бауыржан Бабажанұлы, Мұрат Бекей, Әділ Балта, Бегабат Ұзақов өмірбаяндары мен шығармалары берілген. Қазақ-қарақалпақ халықтарының әдеби бай­ланыстары жайлы 1977 жылы қазақ ғалымы Сәбира Тойшыбаеваның «Қазақ-қарақалпақ әде­биет­тері байлынысы» шыққанын есепке алсақ, сол ба­ғытта арадан қырық бес жылдай уақытта шығып тұрған бұл кітаптың маңызы өз-өзінен белгілі. Өзбекстандағы ЖОО-лардың қазақ тілі және әдебиеті факультеттерінде оқытылуға ар­нал­ған кітаптың екі ел әдеби байланысына қызы­ға­тын қауымға берері мол.

Күнқожа ҚАЙРУЛЛА

Серіктес жаңалықтары