Өскемен «ӨКМ Операторының» қоқыс жағатын зауытынан бас тартты

Өскемен «ӨКМ Операторының» қоқыс жағатын зауытынан бас тартты

Өскемен «ӨКМ Операторының» қоқыс жағатын зауытынан бас тартты
ашық дереккөзі
50284
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлама жариялады, деп жазды turkystan.kz.
«Соңғы уақытта қала жұртшылығы қоқыс жағатын зауыт салудың орындылығын бірнеше рет айтқан болатын. Осыны ескере отырып, біз қала ішінде осындай зауыт салудан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта мұндай кәсіпорын құру мәселелері қолданыстағы экологиялық заңнаманың талаптарын ескере отырып қаралатын болады», - деді қала әкімі.
Бұл жазба 19 қаңтарда, яғни «ӨКМ Операторы» ЖШС утиль алымын жинау құқығынан айырылған күні пайда болды. Дәл осы кәсіпорын еліміздің 6 қаласында қоқыс жағатын зауыттарды салу жобасын жоспарлаған. Бұл мақсатта Өскеменде қалалық полигон мен қоқысты сұрыптау зауытының жанында қажетті жер телімі де бөлінген. Айта кетерлігі, қала іргесінде қоқыс жағу зауытының салынуына үзілді-кесілді қарсы болған өскемендіктерден 80-нен астам шағым түскен. Бірақ, әкімдік райынан қайтпаған екен.

Серіктес жаңалықтары