2021 жылы 200 адам жұмыс орнында қаза тапқан

2021 жылы 200 адам жұмыс орнында қаза тапқан

2021 жылы 200 адам жұмыс орнында қаза тапқан
ашық дереккөзі
50307
Еңбек қатынастарын реттеу мәселелері және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар республикалық үшжақты комиссия отырысында қаралды, деп жазды turkystan.kz. Жиын барысында еңбек қатынастарын реттеу мәселелері талқыланып, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 6,7 млн адам жұмыс істейтін 340 мыңнан астам белсенді кәсіпорын бар.
«Жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды 246 мемлекеттік еңбек инспекторы жүзеге асырады. 2021 жылы оларға 5 130 тексеру жүргізіліп, 10 783 бұзушылық анықталды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 3 371 ұйғарым беріліп, 278,2 млн теңгенің 1 334 айыппұлы салынды», – деді Серік Шәпкенов.
Жиында еліміздің кәсіпорындарында 1465 адам зардап шеккені, жалпы 200 адамның қайтыс болғаны айтылды. Бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,4%-ға төмен.
«Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау және олардың нәтижелері бойынша шаралар кешенін іске асыру үшін 4 206 өндірістік объект аттестаттаудан өткізілді. 15,5 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылып, онда 18 мыңнан астам техникалық инспектор ішкі бақылауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, 2 796 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары