«Қарар біржақты қабылданған»: СІМ Еуропарламентке жауап берді

«Қарар біржақты қабылданған»: СІМ Еуропарламентке жауап берді

«Қарар біржақты қабылданған»: СІМ Еуропарламентке жауап берді
ашық дереккөзі
50209
Сыртқы істер министрлігі Еуропалық парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарарына қатысты жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропалық парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдейді. Елімізде орын алған қаңтардағы қайғылы оқиға объективті бағаланбаған. Қазақстан Республикасының басшылығы тапсырған ресми тергеп-тексеру нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдау қисынсыз деп санаймыз. Оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатынын тағы да растаймыз», - делінген СІМ ақпаратында.
Тағы оқи отырыңыз: Еуропарламент қазақстандық шенеуніктерге қарсы санкция енгізуге шақырды Сонымен қатар, СІМ аталған қарар жобасын әзірлеу кезінде Еуропалық парламент депутаттары мен оның құрамындағы саяси топтар Қазақстанның ресми тұлғаларынан нақты ақпарат алмағанын атап өтті. Әрі аталған құжат авторлары қарар қабылдау үшін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілін және мемлекеттік органдармен тікелей диалог жүргізетін азаматтық қоғам институттарын да тартпаған.

Серіктес жаңалықтары