Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің аты-жөні анықталды

Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің аты-жөні анықталды

Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеуніктің аты-жөні анықталды
ашық дереккөзі
50726
Түркістан облысында Амангелді Батырбеков деген жергілікті журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов өзі туралы сыни мақалаларды жазғыш журналист Амангелді Батырбековті атуға адам жалдаған. Осы мақсатта қоластындағы қызметкерге 5 миллион теңге беріпті. Бірақ делдал қызметін атқарған бұл адам қылмысқа жас жігіттерді тартқан. Содан болар, киллер шатасып, тілшінің өзін емес, оның баласын атқан. Көп ұзамай, ұсталған жалдамалы жендет тапсырыс берушінің кім екенін жайып салған. Осы оқиға бойынша қазір шенеунікпен қосқанда бес күдікті қамауға алынды.
«Шенеунік журналистің өмірін 5 миллионға бағалаған. Яғни, орындаушылар тапсырманы орындап, қылмыстың ізін суыту үшін Шардара арқылы Арыс қаласы, Арыстан ары қарай Шымкентке жеткен. Айғақты зат ретінде жеңіл ВАЗ автокөліктері алынды. Оны қылмыстық жолмен тапқан ақшаға алғаны дәлелденді. Сонымен қатар 16-калибрлі патрондар тәркіленді», - дейді облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлбеков.
Тағы оқи отырыңыз: Сарыағаштық шенеунік журналистің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған

Серіктес жаңалықтары