Елордалық полицейлер 12 мыңнан астам пәтерді тексерді

Елордалық полицейлер 12 мыңнан астам пәтерді тексерді

Елордалық полицейлер 12 мыңнан астам пәтерді тексерді
ашық дереккөзі
50225
Нұр-Сұлтан қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп жазды turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер мен әскери қызметкерлерден құралған мобильді топтар қала көшелерін аралады. Шара басталғалы 12 мыңнан астам пәтер, сондай-ақ жалдамалы тұрғын үйлер тексерілді. Сонымен қатар, полицейлер көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады. Елорда жолдарында 16 мас жүргізуші ұсталып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
«Кеше түнгі сағат 00.05-те Түркістан – Сығанақ көшелерінің қиылысында полиция полкінің мамандандырылған батальонының қызметкерлері ВАЗ көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 26 жастағы жүргізушіден алкоголь иісі шыққан. Сараптама қорытындысы бойынша, ер адамда жеңіл дәрежелі алкогольдік улану анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады полиция қызметі.
Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін тәртіп бұзушылар 15 тәулікке қамауға алынуы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары