Назарбаев Молдованың жаңа президентін құттықтады

Назарбаев Молдованың жаңа президентін құттықтады

Назарбаев Молдованың жаңа президентін құттықтады
ашық дереккөзі
206
Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға Молдова Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы екі елдің дәстүрлі достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығының тарихы тереңде жатқанын атап өтті.  "Сіздің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметіңіз Қазақстан мен Молдова қарым-қатынасын халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға және нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.  Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонға зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Молдова халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары