Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды

Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды

Алматыда қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссия құрылды
ашық дереккөзі
50249
Жаңа комиссияның тізгіні белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омароваға сеніп тапсырылған, деп жазды turkystan.kz. Айман Омарованың айтуынша, комиссияның құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер кірген.
«Біз – тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Екі мыңнан астам қылмыстық іс бар. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда осындай қанды оқиғаның болу себебіне баса назар аударамыз. Оны түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады. Олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ, олардың кім екенін қауіпсіздік үшін жарияламаймыз», - деді ол.
Сонымен қатар, Айман Омарова жаппай тәртіпсіздікті өз көзімен көргенін айтты. Қаңтардың бесі күні көшеге шыққан ол Алматы көшелерінде ешқандай да бейбіт шеру болған жоқ дейді. Заңгер бүлік шығарған адамдарды да көрген. Бірақ, олардың түрі қазаққа ұқсағанымен, не қазақша, не орысша сөйлемейтінін айтады.

Серіктес жаңалықтары