«Самұрық-Қазына» қорының белді менеджерлері қызметінен кетті

«Самұрық-Қазына» қорының белді менеджерлері қызметінен кетті

«Самұрық-Қазына» қорының белді менеджерлері қызметінен кетті
ашық дереккөзі
50352
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының бірнеше менеджері жазған арыздарының негізінде қызметінен босатылды, деп хабарлады turkystan.kz. Олар: Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі; Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры; Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры; Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директоры; Есполов Бектенбай Тлектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры; Тусупбеков Жаннат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС басқарма төрағасы; Кожаков Қуат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры. Портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді. Портфельдік компанияларға сатып алуларға жауапты барлық басшыларды заң талаптарына сәйкес қызметінен босатып, Қор тобына репутациялық әрі жемқорлық қауіп төндіретін барлық қызметкерлерді  жұмыстан босату туралы кеңес берілді. Портфельдік компаниялар бірқатар қызметкерлерді қысқартатынын жеткізді  («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 78 адам, «Қазатомпром» ҰАК» ҰҚ – 46 адам, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - 32 адам және басқалар). Бұған дейін жарияланғандай, корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есе қысқартылды (штаттық қызметтер 177-ден 124-ке дейін қысқарту, аутстаффинг 71-ден -  толық жою). Басқарушы қызметтер 10-нан 5-ке дейін қысқарды. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге дейін қысқарды. «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының 2022 жылғы 24-қаңтарындағы  шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А.К.Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастары тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары