«Келіңіз, көмектесейін»: Петропавлда ер адам зейнеткерді тонады

«Келіңіз, көмектесейін»: Петропавлда ер адам зейнеткерді тонады

«Келіңіз, көмектесейін»: Петропавлда ер адам зейнеткерді тонады
ашық дереккөзі
50403
Петропавл қаласы Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткердің ақшасын қолды қылды деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. Полицияға «Уют» дүкенінің маңында белгісіз азамат егде жастағы әйелдің әмиянын ұрлағаны жайлы хабар түскен.
«Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, белгісіз ер адам оған пәтеріне дейін көтерілуге көмектескен. Содан соң ішуге су сұрап, кетіп қалған. Көп ұзамай, әйел 120 мыңнан астам теңгесі салынған әмиянының жоғалғанын байқайды. Осыған ұқсас жағдай бірнеше күннен кейін, 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесінде де болған. Ол кезде пәтеріне жету үшін ер адамның көмегін қабыл алған әжейдің 16 мың теңгесі жоғалған», - деді ПБ баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол Петропавлға отбасылық мәселелері бойынша келген 30 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол ақшаны жеке мақсатта жұмсағанын айтты. Қазіргі уақытта аталған фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары