201
Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды
Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды
Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты. "Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол "Қазақфильмге" барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды", - деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды.
Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.