50348
Өздерін қазаққа туыс санайтын еуропалық ел 250 білім грантын ұсынды
Өздерін қазаққа туыс санайтын еуропалық ел 250 білім грантын ұсынды
Отандастарымыз Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы келісімдердің нәтижесінде Мажарстанның жоғары оқу орындарында тегін оқи алады, деп хабарлады turkystan.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазір осындай Үкіметаралық келісімдер аясында үміткерлерді іріктеу ережелерін жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, мысалы, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім және ерекше оқу қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ ауылдық жерлерден келген үміткерлер үшін артықшылықтар қарастырылған», – деді Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынады:
- бакалавриат бойынша 110 орын;
- магистратура бойынша 90 орын;
- бакалавриат+магистратура бойынша 30 орын;
- докторантура бойынша 20 орын.