Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді

Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орын белгіленді
ашық дереккөзі
622
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған топ Амангелді ауданының Тасты ауылдық округінде болып, Кейкі батырдың бас сүйегі жерленетін орынды белгіледі. Осы жерде Кейкі батырға оның ұрпақтары қойған белгі-кесене болатын. Бас сүйек те осы белгінің қасына жерленетін болды. «Осы жерде мамыр айында кесене құрылысы басталып, ол тамыз айында аяқталатын болады. Қыркүйек айында  батырдың сүйегін жер қойнына тапсыру рәсіміне орай үлкен шара өтеді», — деді Архимед Бегежанұлы. Өңір басшысының айтуынша, белгіленген жерден кесене үшін 2000 шаршы метр жер бөлінеді, инфрақұрылымдық жұмыстар жүреді. Архитекторлар кесене жобасының 3-4  нұсқасын дайындайды. Оны облыс әкімдігі республикалық комиссияға ұсынатын болады. Келесі жылы Амангелді ауданында антропологиялық жұмыстар басталады. Егер батырдың дене сүйегі табылса құба-құп, ал табылмаған жағдайда бас сүйектің өзі жер қойнына тапсырылады.

Серіктес жаңалықтары