81 тергеу изоляторына барған құқық қорғаушылар көп заңсыздықты байқаған

81 тергеу изоляторына барған құқық қорғаушылар көп заңсыздықты байқаған

81 тергеу изоляторына барған құқық қорғаушылар көп заңсыздықты байқаған
ашық дереккөзі
50191
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мамандары еліміздің 16 өңіріндегі 81 тергеу изоляторын аралады. Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Еуроодақ елшілерімен онлайн кездесуде мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, орталыққа азаматтардан 39 шағым келіп түскен. Бұл құжаттарда жұрт қаңтар оқиғасын тергеу кезінде құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне наразылықтарын білдірген.
«Біз тергеу изоляторларында азаматтарға қарсы жасалған заңсыз әрекеттердің куәсі болдық. Бұл деректерді дереу күдіктілердің туған-туыстарына хабарлап отырдық. Біздің ойымызша, тергеліп жатқан адамдардың ресми тізімі жариялануы керек. Азаматтық қоғам өкілдері де осы процеске белсенді қатысқаны абзал. Халықаралық сарапшылардың келіп, жәрдем беруі де артықтық етпейді», - дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова.

Серіктес жаңалықтары