Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлерін марапаттады

Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлерін марапаттады

Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлерін марапаттады
ашық дереккөзі
50598
28 қаңтар күні Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музейі қызметкерлерін марапаттады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Министр музей қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, батылдығы және өз өмірін қатерге тігіп, ұлттық мәдени және рухани жәдігерлерді қорғағаны үшін алғысын айтты.  width= Сондай-ақ, ол Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде музейді паналаған полицейлер мен курсанттардың өмірлерін сақтап қалғаны үшін ерекше ризашылығын білдірді.
«Сізді бүкіл ел мақтан тұтады! Сіз керемет батылдық пен табандылықтың озық үлгісін көрсете білдіңіз», - деді Дәурен Абаев.
Ел басына күн туған қиын-қыстау күндері музейді басқарған және бүлікшілермен келіссөз жүргізуші қызметін атқарған музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева өзінің азаматтық және кәсіби борышын атқарғанын айтты.
«Бұл әкімдік емес, бұл - музей, біз халқымыздың мәдени мұрасын сақтап отырған киелі орын. Қолдарына лом, таяқ ұстап кіріп келген жас жігіттерге жалындым. Егер олар ұлттық жәдігерлерімізді қиратып, өртеп жіберетін болса, онда өз тарихымыздан айырыламыз. Осы нәрсе көкейімнен кетпеді. Қазір бәрі тынышталды. Маған атақ та, байлық та, марапат та керек емес. Ең бастысы, музейіміз аман болсын!» - деді Бибігүл Дандығараева.
 width= Марапатталған қызметкерлердің тізімі: 1. Бибігүл Дандығараева - музей директорының орынбасары; 2. Саметова Анар Төлеушайқызы - музей директорының қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары; 3. Дәуітбаев Марат Бейсенғазыұлы - бас инженер; 4. Төлегенова Жазира Куанбекқызы - бас бухгалтер; 5. Амангелдиева Анар - көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы; 6. Сәкежанов Марат Білісбекұлы - пневмо-сорғы қондырғылары және санитарлық-техникалық қызмет бөлімінің басшысы; 7. Әліпиев Ерболат Тұрсынұлы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің басшысы; 8. Көккөзов Дүйсенбек Жақанұлы - бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және электротехникалық қызмет бөлімінің басшысы; 9. Балай Санжар Бақытұлы - ғимаратты күзетуді және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; 10. Құлмағанбетова Раушан Жақыпқызы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің орта санатты маман-менеджері.

Серіктес жаңалықтары