Іле-Алатауынан сібір елігін атқандар ұсталды (ФОТО)

Іле-Алатауынан сібір елігін атқандар ұсталды (ФОТО)

Іле-Алатауынан сібір елігін атқандар ұсталды (ФОТО)
ашық дереккөзі
50616
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше «Іле-Алатауы МҰТП» РММ Түрген филиалының инспекторлары сағат 14:00 шамасында Сібір елігін (аталық) атқан үш браконьерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. Түрген филиалының инспекторлары Е. Жылсбаев, К. Құмарбеков, Ә. Серікжан, М. Байтасов Есік орманшылығының №9 орам аумағын барлау барысында Сібір елігін бөлшектеп жатқан браконьерлердің үстінен түскен. Нәтижесінде заңсыз аң атқан Қазақстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Инспекторлардың айтуынша, оқиға орнында Сібір елігінің бөлшектелген еті, басы, терісі және ішек-қарны жатқан. Браконьер Ұстау кезінде құқық бұзушылардан калибрі 7,62 Вепр-308 маркалы (нөмірі СА9615) мылтығы және нөмірсіз, қайта жасалған екі қару тәркіленді. Браконьерлер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, аталған құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары