Сыбайлас жемқорлық рейтингі жарияланды

Сыбайлас жемқорлық рейтингі жарияланды

Сыбайлас жемқорлық рейтингі жарияланды
ашық дереккөзі
298
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Transparency International халықаралық ұйымы Еуропа мен Орталық Азиядағы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлық бойынша рейтингін жасап, өздерінің ресми сайтында жариялады. Бұл рейтингте Украина бірінші орында тұр. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекеттер қатарына Армения, Босния, Герцеговина, Литва, Молдавия, Ресей мен Сербия кірді. Бұл мемлекеттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық көрсеткіштер бойынша ең төмен балл жинаған. Атап айтқанда, рейтинг жасау барысында сарапшылар депутаттар арасындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін, пара алудың көрсеткіші мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге кері әсер ететін әлеуметтік факторларды ескерген. Transparency International жариялаған зерттеулер бойынша Украина сыбайлас жемқорлық проблемасының алдын алу жоспары бойынша да төменгі орын алған. Зерттеу барысында ұйым 42 мемлекеттің 60 мың азаматтарынан сауалнама алыпты. Зерттеушілер анықтағандай, орташа есеппен әр алтыншы отбасы пара береді екен. Бұл көрсеткіш Еуропада төмен болса, шығыста артып келе жатқаны байқалады. Пара беру бойынша 50 пайыз көрсеткішпен Тәжікстан алда тұр. Қазақстанда бұл көрсеткіш 29 пайызды құрайды.

Серіктес жаңалықтары