Зеленский әскер санын 100 мың адамға арттыруды тапсырды

Зеленский әскер санын 100 мың адамға арттыруды тапсырды

Зеленский әскер санын 100 мың адамға арттыруды тапсырды
ашық дереккөзі
50229
Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың жетінші сессиясында әскерді 100 мың адамға арттыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазды turkystan.kz.
«Жарлық барлық әскериді қаржылық қамтамасыз етуді ең төменгі жалақының үш мөлшерінен төмен емес деңгейге дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ алдағы үш жылда Украина қарулы күштерінің санын 100 мың адамға арттыру, Украина қарулы күштерінің қосымша 20 бригадасын құру көзделген», - деді Владимир Зеленский.
Сондай-ақ ол ел экономикасы тұрақтанғанын, қаржы жүйесі бақылауға алынғанын айтты.
«Қаржы жүйесінде бәрі бақылауда. Қаңтарда бюджетке түсетін түсімдер 7 миллиардқа артығымен орындалды. Гривен кеше 30 тиынға нығайды, біртіндеп жоспарланған және тұрақты бағытқа оралады. Бір аптаға жуық халықаралық қаржы нарықтарында облигациялар бойынша оң динамика бар. Қаржы әлемі Украинаның болашағын оптимизммен бағалайды», - деді президент Парламент сессиясының ашылуында.
Владимир Зеленский Украинада газ бен көмірдің жеткілікті қоры бар екенін айтты. Оның айтуынша, алтын валюта резервтері рекорд деңгейіне жеткен. Бұл әртүрлі ауытқулардан қорғап, экономикалық иммунитетті нығайтпақ. Айта кетсек, бұған дейін Киев пен батыс мемлекеттері Ресейдің Украина шекарасындағы белсенділігіне алаңдаушылық білдірген болатын. Мәскеу барлық айыптауды жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары