Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
ашық дереккөзі
50308
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, қаланың қай эпидемиологиялық аймағында орналасқанына қарамастан, келесі объектілер өз қызметін тек «жасыл мәртебесі» бар келушілер үшін ғана жалғастырады: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни нысандар. Бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты. Ал «көк» және «жасыл» мәртебесі бар азаматтар келесі объектілерге кіре алады: театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер, ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану объектілері.
«Елорданың «қызыл» аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, дәмханалар, кинотеатрлар толымдылығы 60%-ға дейін жұмыс істейтін болады», - деп түсіндірді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары