«Адам өлтірдім»: Атырауда мас тұрғын полицияға қылмысқа барғанын хабарлаған

«Адам өлтірдім»: Атырауда мас тұрғын полицияға қылмысқа барғанын хабарлаған

«Адам өлтірдім»: Атырауда мас тұрғын полицияға қылмысқа барғанын хабарлаған
ашық дереккөзі
50274
Атырау қаласында алкогольдік ішімдікке тойып алған ер адам полицияға қоңырау шалып, біреуді «өлтіргені» туралы жалған хабар берген. Бұл қылығы үшін 33 жастағы мас жігітке 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, 1 ақпан күні, сағат 12.18-де қалалық Полиция басқармасына ер адам қоңырау шалған.
«Аталған деректі тексеру кезінде 1989 жылы туған жігіттің полицияға жалған хабар бергені анықталды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен ер адамның орта дәрежедегі мас күйде болғаны дәлелденді. Ол ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғанын айтып, кінәсін мойындады», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 438-бабының 1-бөлігі («Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Былтыр полиция қызметкерлеріне жалған хабар берген 60-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал жыл басынан бері 3 адамнан осындай жалған ақпарат түскен.

Серіктес жаңалықтары