«Адам шошырлық жағдайда отыр»: «Дикий Арманның» қорғаушылары тағы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Адам шошырлық жағдайда отыр»: «Дикий Арманның» қорғаушылары тағы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Адам шошырлық жағдайда отыр»: «Дикий Арманның» қорғаушылары тағы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50325
Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінген Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары Facebook әлеуметтік желісінде шұғыл мәлімдеме жасады. Айтуларынша, ол адам шошырлық жағдайда қамауда отыр, деп хабарлады turkystan.kz.
«Арман Жұмагелдиев бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін дәлелдейтін түсініктеме бергеннен кейін ҰҚК департаментінің тергеу изоляторына ауыстырылған. Мұнда ол адам шошырлық жағдайда қамауда отыр», - дейді қорғаушыларының бірі Виктор Кривоносов.
Оның айтуынша, мұны азаптаумен теңестіруге болады.
«Алматы полициясының изоляторына ешқандай шағымымыз болмаған. Оның миы шайқалғандықтан, дәрілер қабылдайтын. Ал ҰҚК департаментінің изоляторында ол карцерлік типтегі камераға қамалған. Онда киіммен ұйықтауға мәжбүр. Суық тиген. Камера өте тар, кішкентай. Мұндай камераға құқықбұзушылықтар жасағандар қамалуы керек», - дейді құқық қорғаушы.
Сондай-ақ адвокаттар әріптестерінің Арман Жұмагелдиевті басқа камераға ауыстыру жөнінде басшылыққа өтініш білдіргенін жеткізді. Олар күдіктінің неліктен ҰҚК департаментінің изоляторына ауыстырылғанын түсінбей дал.

Серіктес жаңалықтары