«Үтікті ескерткіш құлатқандарға емес, жағымпаздарға басу керек» - қоғам белсендісі

«Үтікті ескерткіш құлатқандарға емес, жағымпаздарға басу керек» - қоғам белсендісі

«Үтікті ескерткіш құлатқандарға емес, жағымпаздарға басу керек» - қоғам белсендісі
ашық дереккөзі
50331
Белгілі журналист, қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш өзінің Facebook-тегі парақшасында Талдықорғандағы Елбасының ескерткішін құлатқандардың бірін полицейлердің аяусыз жазалағанына қынжылыс білдірді, деп жазды turkystan.kz.
«Дұрысы – үтікті ескерткіш құлатқандарға емес, орнатқан жағымпаздарға басу керек еді!» деп жазды ол.
Тоқтар Жақаш Осы орайда, сол ескерткішті құлатқан көліктің рөлінде болған жігіттің денесіне үтік басылып, ауыр соққыдан бір бүйрегі езілгенінен хабардар жұрт «Тауып айттыңыз!», «Дұрыс айтасыз» деп Тоқтар Жақашты қолдай жөнелсе, Жарқынбек Сейтінбет атты азамат автор сөзін: «Орнатқандарға емес, орнатуды ұсынып, орнатуға шешім қабылдағандарға басу керек» деп «түзетіп» қойды.
Ал Өмірхан Досжанов: «Үтік шақ келмес», - деп мысқылдаса, Гүлнара Қанағат атты кісі: «Ғасырдың 21-не келдік. Бұл адамның санасы неге өзгермейді? Қатыгездік неге басылмайды?» - деп ашынды.
Бұл ретте бір ескерерлігі, полиция дегеніміз – әншейін бұйрықты орындаушы ғана. Осындайда қолданылатын әдеттегі тәмсілге салсақ, олар солай «шаш ал десе, бас алады». Ал үтікке қатысты сөз жазба авторының да, оған пікір қалдырушылардың да тарапынан орынды қолданылып тұрса керек. Себебі, кезінде сондай ескерткіштердің тұрғызылуына ынталы болған кейбір мұнафиқтер қазір оның иесінің қоса «құлауына» құмбыл сияқты көрініп қалды. Ондайларға аталған жазбаның астына қалдырған Айдын Бексұлтанов атты азаматтың пікірін дәлдесек, үтікті «арқаларына емес беттеріне басу керек. Халық біліп жүретін болады кім екенін». Онсыз да біліп отыр ғой десек те...

Серіктес жаңалықтары