Балалар құқығын қорғайтын байланыс орталығы ашылды

Балалар құқығын қорғайтын байланыс орталығы ашылды

Балалар құқығын қорғайтын байланыс орталығы ашылды
ашық дереккөзі
234
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға арналған «111» байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Кез келген бала аталған телефон нөміріне xабарласып, өз құқықтарының бұзылғаны туралы арыз түсіре алады. Байланыс орталығы күні-түні жұмыс істейді. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, бірде-бір баланың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды. «Қарашаның 20-сынан бастап желтоқсанның 1-іне дейін байланыс орталығы тесттік режимде жұмыс істейді. Оған xабарласқан баланың есімі құпияда сақталады. Біз болсақ, тиісті шараларды қолға алатын боламыз. Сондықтан барлықтарыңыз дайын болыңыздар. Бірақ ол шаралар Еуропада сияқты болады, баланы алып кетеді де, бәріне айыппұл салады деп, байбалам салудың қажеті жоқ. Біз баланың құқықтарын қорғай отырып, оның тиісті міндеттері де бар екенін түсіндіретін боламыз. 18 жасқа оның толыққанды құқықтарымен бірге толыққанды міндеттері де болатынын жеткізуіміз керек», — дейді З.Балиева. Оның айтуынша, байланыс орталығында жұмыс істейтін псиxологтар мен операторлар арнайы дайындықтан өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары