51031
Атырау облысында 50 қой қасқырға жем болды (ВИДЕО)
Атырау облысында 50 қой қасқырға жем болды (ВИДЕО)
Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында 50 қойды қасқыр қырып тастаған, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Түз тағысы кейбірін тұтас жесе, көпшілігін жарып кете берген. Малдың өлекселерін иесі полицейлердің көмегімен бес күннен соң ғана тапқан. Жоғалған 60 малдың 10-ы ғана тірі қалған. Қойларды іздеуге үсті-үстіне жауған қар кедергі келтірген.