Түркия Еуроодақтан бас тартуы мүмкін

Түркия Еуроодақтан бас тартуы мүмкін

Түркия Еуроодақтан бас тартуы мүмкін
ашық дереккөзі
293
Түркия Еуропалық Одаққа кіру бағытын ғана ұстанбауы керек, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіру мүмкіндігін де қарастырады, деп мәлімдеді жексенбі күні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.
"Ең әуелі Түркия Еуропалық Одаққа кіру ұстанымы бойынша өзін еркін сезінуі керек", - деді Ердоған. Түрік басшысының Өзбекстанға сапары барысында жасаған бұл мәлімдемесін Hurriyet газеті таратты. "Біреулер мені сынауы мүмкін, бірақ мен өз пікірімді білдірдім, - деді ол. - Мысалы, мен Түркияның "Шанхай бестігіне" мүше болып кіре алатынын айтамын". Ердоғанның пікірінше, Түркияға ШЫҰ-мен жұмыс істеу әлдеқайда тиімді болар еді, ал ЕО елді ұйымға мүшелікке алу мәсеселесін ондаған жылдарға созып жіберді. Өткен аптада Ердоған Анкараның келесі жылы Еуроодаққа ұмтылысына қатысты референдум өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. 2015 жылы ұйымға Үндістан мен Пәкістанды қабылдау рәсімі басталды. Ұйымда Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртбесіне ие.

Серіктес жаңалықтары