8 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

8 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

8 боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
ашық дереккөзі
241
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 8 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның Бокс федерациясы хабарлайды. Десе де чемпионаттың 4-ші күніндегі қорытынды бойынша бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ, 60 кило салмақта жұдырықтасқан Санатәлі Толтаев өзбекстандық Билобек Мирзарахимовке есе жіберді. Ал 75 килода шаршы алаңға шыққан Бек Нұрмағанбет австралиялық Джек Гиппті ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Федерация хабарлағандай, бүгін 52 килода Айдос Арапов армян боксшысы Жирайра Саргсянмен, 64 килода Ілияс Мирхатұлы кубалық Дамьен Лескайллемен, 81 килода Бекзат Нұрдәулетов өзбек Санжар Турсуновпен, 91 килода Мұхамеджан Тайбағаров словак Давид Михалекпен жұдырықтасады. Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалы 25 қарашада, ақтық кездеулер 26 қарашада өтеді.

Серіктес жаңалықтары