Алматыда автокөлік жүргізушісі қарияны таяқпен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Алматыда автокөлік жүргізушісі қарияны таяқпен ұрып-соққан (ВИДЕО)

Алматыда автокөлік жүргізушісі қарияны таяқпен ұрып-соққан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50254
Instagram әлеуметтік желісінде ер адамның көлігінен түсіп, жол бойында тұрған қарт адамды таяқпен ұрып жатқан видеосы пайда болды, деп жазды turkystan.kz. Видеодан жас жігіттің аялдамада тұрған қарияға қоқан-лоққы жасап, екі рет таяқпен ұрғанын көруге болады. Бір атап өтерлігі, кадрда күдіктінің түрі де, көлігінің нөмірі де анық көрінеді. Яғни, полицейлерге бұл бұзақыны табу еш қиындық тудырмауы тиіс.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл факті бойынша полицейлер тексеру бастағанын айтты.
«Қазіргі уақытта бұлтартпау жазасын қолдана отырып, Тергеу басқармасы мен қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп, күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Тексерудің барысы мен нәтижелері Алматы қаласының ПД бақылауында. Құқықбұзушыға қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланады», - деді Рустам Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары