Шалғай ауыл тұрғындарының үйлеріне газ тартылды

Шалғай ауыл тұрғындарының үйлеріне газ тартылды

Шалғай ауыл тұрғындарының үйлеріне газ тартылды
ашық дереккөзі
50222
Түркістан облысының «Nur Otan» партиясы Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандары филиалына көмек сұрап келген бірқатар жергілікті тұрғынның баспаналарына газ кіргізу бойынша көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Сабыр Рахымов ауылының тұрғыны, 2-топтағы мүгедек Мирсали Тұрдалиев, Арай елді мекенінің тұрғыны Майра Тасимова және Фирдоуси ауылының тұрғындары Абдрахим Мираманов пен Абдусамат Ғафуров көмір жағып отыру қиындығын айтып, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп беруді өтінген болатын. Жандары қиналған тұрғындардың мәселесін шешу үшін аудандық мәслихат депутаттары Суннат Кенжебаев, Ертуған Бөденбаев және Ғазиза Шүкірбаева «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында жергілікті «ҚазТрансГаз» АҚ-ның жергілікті филиал басшылығымен хабарласты. Келіссөз барысында кәсіпорын өкілдері аталмыш азаматтарға көмектесетін болды. Сөйтіп, партияға өтініш білдірген азаматтардың үйлеріне газ кіргізіліп берілді.

Серіктес жаңалықтары