Түрме бастығы Алматыдағы «азаптауға арналған жертөлелер» туралы айтты

Түрме бастығы Алматыдағы «азаптауға арналған жертөлелер» туралы айтты

Түрме бастығы Алматыдағы «азаптауға арналған жертөлелер» туралы айтты
ашық дереккөзі
51526
Әлеуметтік желілерде «Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторы ғимаратындағы жертөледе ұсталғандарға қарсы заңсыз әрекеттер жасалады» деген жалған ақпарат тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұдан бөлек, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД «ЛА-155/18 мекемесі» бастығының деректері көрсетілген.
«ҚАЖ мекемесі аумағында екі қабатты әкімшілік ғимарат және 4-5 қабатты 6 режимді корпус, сондай-ақ, 230 камера орналасқан. Бұл корпустарда коммуникациялық жүйелер мен жылыту тораптарына арналған жартылай жертөле бар. Оған корпустардың сыртқы жағынан кіреді. Мекемеге түскендерді корпустың бірінші қабатына әкеледі. УҰИ-ға келгендерді медициналық қызметкерлер, сондай-ақ, мекеменің кезекші ауысымы қабылдайды. Бәрі видеоға түсіп тұрады. Сонымен қатар, мекемеге прокуратура органдарының өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғамдық бақылау ұйымының қатысушылары уақтылы барып тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі адамның қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығын, сотталғандардың және өзге де адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. Бұл үшін заңнамада сотталғандарды қоғамға қосу, жазаны өтеу және өзге де қылмыстық-құқықтық шараларды орындау кезінде адам құқықтарын қорғау, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазаны өтеген кезде қылмыс жасаудың алдын алу үшін жағдай жасалады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратуға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Серіктес жаңалықтары