ШҚО-да газ баллондар тиелген көлік жарылып, өрт 1,5 сағатта әзер сөндірілді (ВИДЕО)

ШҚО-да газ баллондар тиелген көлік жарылып, өрт 1,5 сағатта әзер сөндірілді (ВИДЕО)

ШҚО-да газ баллондар тиелген көлік жарылып, өрт 1,5 сағатта әзер сөндірілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50248
Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі отқа оранып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп жазды turkystan.kz. ТЖД өкілдерінің айтуынша, оқиға 9 ақпан күні сағат 21.00 кезінде болған. Ұлан ауданындағы Таврия ауылынан 20 шақырым жердегі «Өскемен-Семей» тас жолында газ баллондар тасымалдап келе жатқан «Скания» автокөлігі өртенген. Қауіпсіздік мақсатында полиция жол қозғалысын уақытша тоқтатты. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері келді.
«Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамы мен 2 арнайы техникасы жұмылдырылды. Баллондар бірінен соң бірі жарылғандықтан, өртті тез арада сөндіру мүмкін болмады. Жарылыстар тоқтаған соң өрт сөндірушілер баллондарды суыту және өртті сөндіру үшін су құйды. Сөйтіп, өрт 22.35-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Көлік жүргізушісі де дін аман», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары