Белгілі заңгер ПД-ны «казиноқұмар генералдың» басқаруына қарсы (ВИДЕО)

Белгілі заңгер ПД-ны «казиноқұмар генералдың» басқаруына қарсы (ВИДЕО)

Белгілі заңгер ПД-ны «казиноқұмар генералдың» басқаруына қарсы (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50281
Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Ішкі істер министріне казиноқұмар генералдың қызметке келуіне қатысты наразылық танытты. Ол бұл туралы уәжін өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Ерлан Тұрғымбаев мырза! Ішкі істер органы, полицияның кем-кетігінен күйінген халық өзгеріс, яғни реформа күтіп отыр. Полицияның киімін, басшылардың орнын, қызметкерлердің карточкасын өзгерту – реформа емес! Бізге ішкі құрылымдық реформа керек! Халықпен ашық әрі әділ жұмыс істейтін басшыларды орнынан алып тастап, казино аралап, құмар ойынның қызығына тоймай, миллион долларлап ұтылып жүрген генералдарды таққа отырғызу Сіз үшін реформа жасау ма?» - деді заңгер.
Оның пайымынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұртқа жақын полиция» тұжырымдамасын қазіргі Ішкі істер министрі мен казиноқұмар генералдар жүзеге асырады дегенге халық енді сенбейді.
«Сенім көз алдымызда аяққа тапталды! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен орнынан босатылған Аян Дүйсенбаевтың онша-мұнша емес, Маңғыстауға Полиция департаментінің бастығы болып бір-ақ келуі – Ерлан Тұрғымбаев мырзаның «Халықты Президентімізге қарсы қою саясаты» деп қабылдаймыз!» - деген Айгүл Орынбек Президенттің өзіне де өтініш білдірді.
Айтуынша, бізге Мемлекет басшысының тапсырмалары мен халықтың талаптарын ұтымды әрі дер кезінде орындайтын министр керек. Сөйтіп, заңгер өзгерісті осыдан бастағанды ұсынып отыр.

Серіктес жаңалықтары