Шымкент тұрғыны онға жуық адамның атына онлайн несие рәсімдеген

Шымкент тұрғыны онға жуық адамның атына онлайн несие рәсімдеген

Шымкент тұрғыны онға жуық адамның атына онлайн несие рәсімдеген
ашық дереккөзі
50338
Тәртіп сақшылары 8 тұрғынның атынан онлайн несие рәсімдеген шымкенттікті ұстады деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын қоңырау шалып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті шығарып беремін деп сендірген. Алайда, сеніміне кірген алаяқ оның жеке мәліметтерін пайдаланып, шағын несие беру ұйымынан онлайн несие рәсімдеген. Бұл жайтты арызданушы телефонына несие алғандығы туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген. Келтірілген шығын - 326 мың теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен («Алаяқтық») тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Басқарманың тәжірибелі сақшыларынан жасақталған жедел тергеу тобы істің ақ-қарасын ажыратуға кіріскен. Нәтижесінде полицейлер заңсыз онлайн несие рәсімдеген азаматшаны қала аумағынан ұстады. Басқармаға жеткізілген алаяқ 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған күдікті иемденген қаражатты өз мәселелерін шешуге жұмсап қойған. Шымкенттік полицейлер тексеру барысында күдіктінің тағы 7 адамның атынан онлайн несие рәсімдегенін анықтады. Келтірілген шығын – 1 миллион теңге. Яғни, оларды да мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деп сендірген. Өз кезегінде арызданушылар күдіктіге жеке дербес мәліметтерін жолдаған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары