Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады
ашық дереккөзі
50495
Қазақстандықтар алдағы наурыз айында мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалатын болады деп жазды turkystan.kz. Бұл айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады. Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз. Бұл мереке сейсенбі 8 наурызға түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз демалыс күні болады. Ал Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша, наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады. Еске сала кетсек, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады. Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

Серіктес жаңалықтары