50221
Алматыда автобус жүргізушісі жолақыны банк картасына жинаған
Алматыда автобус жүргізушісі жолақыны банк картасына жинаған
Бүгін Алматы қаласындағы № 62 бағыттағы қоғамдық көліктің терминалы істемей қалған деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайында қоғамдық көліктің жолаушылары әлеуметтік желіде баяндады.
«Автобустың терминалы істемей келе жатыр. Жүргізуші тарапынан «Қолма-қол ақшасы барлар төлей берсеңіздер» деген өтініш айтылды. Автобус лық толы. Олай төлеген адам аздау болған болу керек: «Құрметті жолаушылар, наличка болмаса 70746200... нөміріне (Каспий голдқа) аудара беріңіздер» деді», - деп жазды аталған автобустың жолаушысы журналист Ақбота Мұсабекқызы.Ал жолаушылар болса, нөмірді бір-бірінен сұрап, жолақысын банк картасына салған.
«Бұл дұрыс па, заңды ма?» деп сұраған ешкім жоқ. Әлде мен бәлеқормын ба?» - деді жолаушы.Оқи отырыңыз: Оралда автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)