Қызылорда базарында ер адам өз-өзін өртемек болды

Қызылорда базарында ер адам өз-өзін өртемек болды

Қызылорда базарында ер адам өз-өзін өртемек болды
ашық дереккөзі
51058
Қызылорда базарларының бірінде кептірілген жеміс сатумен айналысқан ер адам сауда орны үшін үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған деп жазды turkystan.kz. Куәгерлер бұл оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазған.
«Дау-дамай базардағы орын үшін басталды. Ер адам біздің көзімізше үстіне бензин құйып жіберді. Сосын оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.
Қалалық Полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады.
«Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілі.

Серіктес жаңалықтары